Құрметті медицина қызметкерлері, педагогтар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері! "№2 қалалық емхана" МКК, 10.03.2021 жылдан бастап COVID-19 вакцинациясын жүргізеді және Сіздерді "Спутник-V" вакцинасымен вакцинациялауға шақырады. Вакцинация № 205 кабинетте сағат 9.00-ден бастап белгіленген уақыт бойынша жүргізіледі

Құрметті №2 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар! 2018жылдың 15 тамыздан бастап 91-80-55 телефоны бойынша бірыңғай Call -center анықтама қызметі жұмыс жасайды. Осы анықтама қызметі арқылы, Сіз, дәрігерді үйге шақыртуға, дәрігерге жазылуға және қосымша қажетті ақпараттар ала аласыз. Әкімшілік

ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020ж. 01 мамырдағы №35 Қаулысының 21б. Сәйкес, емхананың пациенттерді қабылдау жұмыс кестесі сағ. 08.00-16.00-ге дейін жүргізіледі.

алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандырыла алады

2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Яғни МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарналар төлей алады. Бұл өзгерісқол қойылған сәттен бастап 60 күннен кейін, яғни 2022 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында шамамен 112 мың адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Оның 97 мыңы – экономикалықбелсенді халық,  яғни жұмысқа қабілетті азаматтар.

«Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінде соңғы 12 ай ішіндегі деректерді талдау кезінде МӘМС жүйесіне қатысушының алдыңғы мәртебесі тұрғысынан сақтандырылмағандардың 66%-ы мүлде жарна төлемегені анықталды. Азаматтардың тағы 17%-ы – өз қызметін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша атқаратын тұлғалар. Қазір жарналарды төлеуді тоқтатқан бұрынғы жалдамалы жұмысшылар 7%-ды құрайды. Дербес төлеушілердің үлесі – 4%. Қазір жарна төлемейтін және сақтандыру мәртебесін жоғалтқан жеке кәсіпкерлер мен бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілердің саны 3%-ға тең. Бұл негізінен 38-40 жастағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және жарна төлемейді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына барып ресми тіркеле алатын жұмыссыздар да бар. Бұл жағдайда осы азаматтар жеңілдік санатына кіріп, олар үшін төлемдерді мемлекет аударады».

Қор филиалы жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кірісбасқармаларымен, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұрын сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуіміндеттелген еді.

«Тәжірибе көрсеткендей және өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшіналдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылғы шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді».

Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде.Сонымен қатар өткенберешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы дербес төлеушілер ай сайынең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде– 3 000 теңге жарна төлейді.

Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз өз емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса,Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, ҚР электрондық үкіметі egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы жүргізілген төлемдер туралы біле аласыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы