Құрметті медицина қызметкерлері, педагогтар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері! "№2 қалалық емхана" МКК, 10.03.2021 жылдан бастап COVID-19 вакцинациясын жүргізеді және Сіздерді "Спутник-V" вакцинасымен вакцинациялауға шақырады. Вакцинация № 205 кабинетте сағат 9.00-ден бастап белгіленген уақыт бойынша жүргізіледі

Құрметті №2 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар! 2018жылдың 15 тамыздан бастап 91-80-55 телефоны бойынша бірыңғай Call -center анықтама қызметі жұмыс жасайды. Осы анықтама қызметі арқылы, Сіз, дәрігерді үйге шақыртуға, дәрігерге жазылуға және қосымша қажетті ақпараттар ала аласыз. Әкімшілік

ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020ж. 01 мамырдағы №35 Қаулысының 21б. Сәйкес, емхананың пациенттерді қабылдау жұмыс кестесі сағ. 08.00-16.00-ге дейін жүргізіледі.

 №2 қалалық емхана күнделікті міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

25-26 ақпанда қызметкерлер "МЕЧТА" сауда үйінде жұмыс жасады. Сауда үйінің қызметкерлері мен келушілерге 140 дана МӘМС бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Сондай-ақ, бұл күні емделушілерге үйде қызмет көрсету кезінде түсініктемелер берілді. Барлығы 325 кітапшалар таратылды.