Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні!
Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай №2 қалалық емханада іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты- халықтың есірткінің адам ағзасына зиянды әсері туралы хабардар болуы. Емханада Ашық есік күні өткізілді. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын ЖТД, СӨСК кабинетінің дәрігері Ч. Агулешов, психиатр И.И. Уколова , психолог, әлеуметтік қызметкерлер жүргізді. Мектеп жанындағы лагерьлерде " Есірткіге жол жоқ!» сурет салу атты конкурсы өтті. №2 технологиялық колледж студенттерімен кездесу өтті. Емхананың өкілдері, спортшылар, құқық қорғау органдары қатысты.. " Жасөспірімдер арасындағы қылмыс, есірткінің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге №4 политехникалық колледж студенттері қатысты.
«Талап» АҚ радио бағдарламасында «Есірткені алдын алу» тақырыбына дәрігер Ч.Агулешов сөйледі.