"2022 жыл - балалар жылы" шеңберінде іс-шаралар өткізу туралы ҚР Президентінің тапсырмасын тиімді іске асыру шеңберінде, балалар мен отбасылардың денсаулығын және әл-ауқатын нығайту мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған іс-шаралар өткізіледі.
Бағдарлама мақсаты: оқыту, тәрбиелеу, мәдениет, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын жүргізу және балаларды қорғау мәселелері бойынша халықтың және балалардың білім деңгейін арттыру.
Негізгі міндет - оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру бойынша білім деңгейін арттыру
№2 қалалық емхана осы датаға арналған іс-шаралар өткізді.Емхана қызметкерлері жас аналармен қалалық перзентханада кездесіп, сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Бекітілген мектептерде асфальтта сурет салу конкурстары,спорттық іс-шаралар, қол гигиенасына үйрету іс-шаралары өткізілді.
Сондай-ақ, Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балалардың «майтабан аяқтарының» алдын алу бойынша балалармен сабақтар өткізілді.
"Талап" АҚ радиосында СӨСҚ кабинетінің дәрігері Ч. Е. Агулешов сөз сөйледі, тақырыбы: "Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы". Сонымен қатар, №29 "Балауса" мектепке дейінгі мекемеде ШЖҚ "№2 қалалық емхана" МКК тіс дәрігері И. Рахметова "Сау тістер - денсаулық кепілі"тақырыбында ауыз қуысының гигиенасы турары сабақ өткізді.