9 мамыр мерекесі қарсаңында ШЖҚ «№2 қалалық емхана» МКК қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне барды. Бүгінгі күні емханаға тіркелген қатысушылар саны үш адам ғана. Геронтолог- дәрігер Шапатова Арайлым Болатқызы тексеру жүргізді, қан қысымын өлшеді, барлық ардагерлерді тексеріп қарап, ем тағайындады, үйде ЭКГ тексеру жүргізілді, қан анализі тексерілді.
ШЖҚ «№2 қалалық емхана» МКК кәсіподақ атынан барлық ардагерлерге сыйлықтар табысталды. Болашаққа сыйлаған өмірі үшін соғыс ардагерлері : Анастасия Федоровна Чехнакаева, Иван Иванович Болтенковке, Константин Леонтьевич Кочерыжкинге алғыс сөз айтылды .