1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
2. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;
3. Медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
4. Диагностика, емдеу және күтім жасау проце¬сін¬де өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
5. Өз денсаулығының жай-күйі туралы ,тексерістерінің нәтижесі туралы, алдын алу, диагностика туралы және оңалту әдістері туралы толық ақпаратты алуға;
6. Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнім¬дерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытын¬ды¬ларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін фак¬торлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;
7. Өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;
8. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар келесі жағдайларды қоспағанда өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші; психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
9. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді, белгіленген жағдайлардан басқа;
10. Діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
11. Медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
12. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
13. Мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз са- рап-шыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.
2009ж 18.09. «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ негізінде |
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
1. Өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
2. Өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге;
4. Медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
5. Диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
6. Медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
7. Диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
8. Басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;