1маусым күні Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай №5 қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік- психологиялық көмек бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балалар-біздің болашағымыз!» атты мерекелік шара өтті. Бұл шараға емханаға келген кішкентай балалар мен олардың аналары қатысты.

Бүлдіршіндер сурет салып, ән айтып, тақпақ орындады. Олардың әрқайсысына сыйлық ұсынылды. Аналар мен балалар қуанып, қызметкерлерге өз алғыстарын жеткізді. Дені сау ұрпақ- Қазақстанымыздың болашағы.