Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 88-V Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1046 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                           Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 8 мамыр

 

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 8 мамыр

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын  бекіту туралы