Мектептер

Апта күндері уақыты

Өткізілетін орны

Жауаптылар

Денсаулық мектебі

Дүйсенбі – сенбі

(сағ 11:00 – 13:00)

Кабинет 112

( 1 Қабат )

СӨСҚ каб. дәрігері                    Г.А.Чуюншалиева -онколог

Қан айналым жүйесінің аурулары мектебі

Дүйсенбі сейсенбі

(сағ 13:00 – 15:00)

Кабинет 115

(1 Қабат )

№ 1 ОДО аға мейірбикесі  
С.С. Кожахметова

Бронх демікпесі мектебі

Сәрсенбі

(сағ 13:00 – 15:00)

Кабинет 115

(1 Қабат )

№ 2 ОДО аға мейірбикесі                  Н.Қ. Басамбаева

Қантты диабет мектебі

Сейсенбі, бейсенбі

(сағ 14:30 – 16:00)

Кабинет 112

(1 Қабат )

Эндокринолог дәрігері

А.Ю. Тучин

Дені сау бала кабинеті

Сейсенбі

(сағ 15:00 – 17:00)

Кабинет 203

(2 Қабат )

Психолог

А.Ж. Хуснутдинова

Геронтология мектебі

Айдың бірінші бейсенбісі

(сағ 16:00 – 17:00)

Кабинет 112

(1 Қабат )

Терапевт дәрігері

Ф.Х. Такишева

Отбасын жоспарлау мектебі

Бейсенбі

(сағ 09:00 – 11:00)

Кабинет 404

(4 Қабат )

Аға акушерка

О.Н. Коровянская

Босануға дайындық мектебі

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма     (сағ 10:00 – 11:00)

Кабинет 404

(4 Қабат )

Аға акушерка

О.Н. Коровянская

Жас ана мектебі

Жұма

(сағ 15:00 – 17:00)

Кабинет 203

(2 Қабат )

Психолог

А.Ж. Хуснутдинова

«Онкологиялық ауруларды алдын алу» мектебі

Жұма

(сағ 13:00 – 14:00)

Кабинет 112

(1 Қабат)

Онколог

А.С. Сеитова

 


Антибиотиктерді дұрыс қолданайық!

Антибиотиктердің тарихы 70 жылдан аса уақытты қамтиды, грек тілінен аударғанда «анти»- қарсы, «биос»- өмір деген мағынаны білдіреді. Антибиотиктер адамзаттың ең үлкен жетістігі. Оларды ашқаннан кейін тырысқақ, дизентерия, өкпе қабынуы сияқты аурулардың асқынулары тиімді емделуде. Алайда осы уақыт аралығында микроорганизмдер өзгеріп, антибиотиктерге тұрақтылықты қалыптастыруды үйренген. Бұған себеп:

- Адами фактор;

- Антибиотиктердің шектен тыс тағайындалуы;

- Антибиотиктерді теріс, ұтымсыз қолданылуы;

- Антибиотиктерді өзіндік тағайындау.

2016 жылы 14 қараша мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізілді. Апталық шеңберінде халық арасында «Антибиотиктерге тұрақтылық туралы не білесіз?» тақырыбында сауалнама бойынша сұрастыру жүргізілді. Қорытындысы бойынша, емделушілер антибиотиктерді қолдану ережелерін нашар білетіндігі, халық арасында антибиотиктерді қолдану дағдаларын жетілдіру мақсатында ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, халық арасында антибиотиктерге тұрақтылықтың өрбуіне қатысты жалпы түсінік қана бар екендігі анықталды. Осыған байлынысты, төмендегі іс шараларды орындауға кеңес береміз:

  • Дәрігердің тағайындауынсыз, озіндік емделу тәртібінде антибиотиктерді қолданбау;

  • Вирусты жұқпаларды емдеген кезде антибиотиктерді қолданбау;

  • «алдын алу үшін», «сақтану үшін» антибиотиктерді қолданбау;

  • Жақсару белгілерін сезінген кезде антибиотиктерді қабылдауды тоқтатпай, дәрігермен белгіленген толық емдеу курсын бітіру;

  • Дәрігермен белгіленген антибиотик мөлшерін өзгертпеу;

  • Дәріні «қымбат және тастауға обал» деген оймен емдеу курсы біткен уақытта да қолдануды тоқтату;

  • Сізге тағайындалған антибиотиктерді басқа адамдарға бермеу.