№2 қалалық емхананың тарихы, 1946 ж Водздравтың бұйрығы негізінде Чапаев Затонында медициналық көмек көрсететін және жеңілденуге жәрдемдесетін.

Здравпункт ашылғаннан басталды. Здравпункт келесі штаттан тұрды: 1дәрігер- здравпункт меңгерушісі, ол әрі терапевт, әрі педиатр және акушер-гинеколог қызметін атқарды, 3 акушерка. Дезинфектор, аспазшы, кір жуушы және бухгалтер бір адам.

1946-1956 жылдары здравпунктпен Евдокия Ивановна Зорина басқарды.

— 1953 жылы здравпунктке жылқы берілді, штатқа қылқышы енгізілді

— 1955 жылы здравпункт базасында 2 (екі) қалалық дәрігерлік учаскелер ашылды. Оның біреуі 17 пошта бөлімі аймағындағы Целинный барағында орналасқан. Онда емхана және стационар орналасты, учаске меңгерушісі қызметін Александр Иванович Андрейчев атқарды. Учаскелер бөлінген жоқ, стационар түнгі мерзімде дәрігерсіз жұмыс істеді, зертхана және жедел жәрдем жабық арба пайда болды

— 1961 жылы дәрігерлік учаске № 2 қалалық біріккен аурухана болып атанды. Емхана бөлімі бұрынғы № 22 мектеп ғимаратында болды, ал 125 койкалық стационар екі қабатты тұрғын ғимаратта орналасты. Емханада терапевттік, педиатрлық учаскелер, сапалы мамандар қызмет жасай бастады. 2-і жұмысшылар ауыл ауданында 1973 жылға дейін қызмет істеген емхана филиалы ашылды.

— 1973 жылы бұрынғы № 32 мектептің 3 қабатты ғимараты емханаға берілді, ғимарат ескі, апатты, емхананың орналасуына ыңғайсыз болатын.Филиал жабылған соң нефтебаздан ескі ауежайға дейін, әмбебаптан ет комбинатына дейін барлық халық бір емханада қабылданды.

— 1984 жылы емхана 4 қабатты типтік ғимаратта орналасты. Емхананың екінші қабаты № 3 балалар емханасына берілді.

— 1988 жылы жаңа ғимарат салынды, стационар 5 қабатты корпусқа ауыстырылды (казіргі диагностикалық орталығы) 2 терапевттік және 1 геронтологиялық бөлім ашылды. - 1996 жылы емхана аралас типтік емханаға қайта өзгертілді және оның құрамына балалар емханасы және әйелдер консультациясы қосылды.

— 1998 жылы стационар жабылды. № 2 қалалық аурухана «№ 2 қалалық емхана» МКҚК болып қайта құрылды.

«№ 2 қалалық емхана» МКҚК қаланың өндіріс ауданында орналасқан. Емхана ғимараты типтік, төрт қабатты. Емхананың қызмет көрсететін радиусы −14 км.

Жол жүру:

Автобус № 2 маршрут — «Меховой комбинат» аялдамасы

Автобус № 20,12 маршрут — «Автобекет» аялдамасы

Директор: Ажгулова Кашура Мухтаровна

Директордың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары: Дармаганбетова  Амина  Сериковна

Қазіргі кезеңде емхана келесі құрылымнан тұрады:

· Екі отбасылық денсаулық орталығы

· кеңесші-диагностикалық бөлімі

· әкімшілік-шаруашылық қызметі

№ 2 қалалық емхана 9 мектепке және 2 ПТЛ, 4 МДМ, спорт мектебіне, көздері нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатқа қызмет көрсетеді.

Емхана аумағында тұратын 10251 санды халыққа, Желаев ДА -на кеңес-диагностикалық көмек көрсетеді.

Емхана қуаттылығы бір кезекте- 456 адам, нақты қуаттылығы −434 адам Емханада 52  койкаға күндізгі стационар жұмыс істейді. Келесі қызмет көрсететін физиотерапевттік бөлімі бар: сәулемен емдеу, ультрадыбыстық жиеліктер тоғы, индуктотермия, ингаляция және т.б физиотерапеттік емдер, емдік дене шынықтыру, массаж.

Қазіргі кезеде 52822 халықты қабылдайды, оның ішінде 38837 ересектер, 12488- балалар, 1497 жасөспірімдер.

Емхана екі кезекте жұмыс істейді, сенбі және мерекелік күндерінде тіркелген халықты қабылдауын қамтамасыз етеді.

Аумақтық учаскелердің саны: 26

2005-2007 жж республикалық трансферт есебінен орталықты медициналық жабдықтар қойылды:

· УДЗ апараты, спирограф, рентген-флюорографиялық қондырғылары, лабораторлық жабдық (биохимиялық және гематологиялық талдауыш) фиброгастроскоп, колоноскоп және т.б апаратуралар.

· Хирургиялық бөлімнің амбулаторлық операциялардың барлық көлемін орындайтын операциялық бөлме жабдықталды.

2012ж жаңартылған жабдықтар алынды:

— AQFA DX —D 300 Рентгеноскопиялық аппараты

— Тәулік бойы артериалдық қысымды және ЭКГ бақылауға мүмкіндік беретін

— Холтеровтік моноториялық аппараты

— Тредмил-тест аппараты

— УДЗ аппараты

Емханада 50 дәрігер жұмыс істейді олардың ішінде: жоғарғы санатты — 2 дәрігер, бірінші санатты −16 дәрігер, екінші санатты −2 дәрігер. 97 Орта медициналық қызметкерлер, олардың ішінде: жоғарғы санатты — 36, бірінші санатты- 28, екінші санатты — 18 қызметкерлер.

№ 1 ОДО меңгерушісі Мейірханқызы Жұлдыз  еңбек өтілі 2 жыл 10 ай

№ 2 ОДО меңгерушісі Гульзада Султановна Карагушева, еңбк өтілі 25 жыл

Әйелдер консультациясының меңгерушісі Лариса Александровна Гохгальтер, еңбек өтілі 11 жыл.